Оралда бір топ белсенді Макс Боқаевты қолдап митиңге шықпақ

Олар белсендіге қойылған шектеулер заңсыз дейді


10/02/2021
13:10 46639 0

 Фото: uralskweek.kz

 

«Орал апталығының» бас редакторы Лұқпан Ахмедияров пен бір топ жергілікті белсенді 28 ақпанда екі жерден митиңге шықпақ. Олар жақында түрмеден шыққан белсенді Макс Боқаевқа қойылған шектеулерге наразы. Ахмедияровтың сөзінше, олар әкімдікке бейбіт жиналыс өткізетінін хабарлаған.

 

— Макс Боқаевқа қойылған шектеулерге наразымыз. Ол бес жылға түрмеге заңсыз қамалды. Мұнысы жетпегендей оған ақылға қонымсыз, заңсыз шектеулер қойылған. Біз осы мәселеге қоғам назарын аударту қажет дейміз. Өзін құқықтық мемлекет деп көрсететін Қазақстанда мұндай нәрселер болмауы керек. Сондықтан біздің митиң саяси репрессияға қарсы жиналыс болмақ, — дейді Лұқпан Ахмедияров. 

 

Белсенділер бейбіт жиналысты мына жерлерде өткізбек: Жайық жағасы мен Назарбаев даңғылындағы «Қазақ халқының батыр қыздары» ескерткішінің жанында. 

 

Макс Боқаев 4 ақпанда түрмеден шыққан еді. Ол 2016 жылы жер митиңінен кейін түрлі айыппен бес жылға түрмеге қамалды. Бірақ ол енді үш жыл бойы қоғамдық іспен айналыса, журналистерге сұхбат бере, үйінен белгілі бір уақытта шыға алмайды.

Поделиться

Нет комментариев.

10/02/2021 13:10
46639 0

Уведомление